Тәркіленді. Жойылды
ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған маркалы 805 бөтелке көлемінде тәркіленген алкоголь өнімдерін жойды. Департамент қызметкерлері облыс аумағында сәйкестендіру құралдарын және есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану фактісі бойынша қызметтің жолын кескен болатын.

– Көтерме бөлшек сауда дүкендерінің қойма үй-жайларын тексеру барысында жалған есепке алу-бақылау маркалары бар алкоголь өнімдері анықталды. Ішімдік өнімдері тәркіленіп, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Алкоголь өнімдеріне жалған есепке алу-бақылау маркаларын жапсыру ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабымен қудаланады, – деді Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел уәкілі Сәбит Итбаев.





Қыдырбек ҚИЫСХАН,
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.