АЙРЫҚША АКЦИЯ! БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТЫҢЫЗ!

Құрметті жерлестер, қадірменді оқырмандар, әлеуметтік желі тұтынушылары! Баршаңызды "Батырларымыз жанымызда" акциясына қатысуға шақырамыз! Бұл шара "100 жаңа есім" арнайы жобасы аясында өткізілгелі отыр. Өзіңіз білетін, есімі еленуі керек деп санайтын ардақты адам, лайықты тұлғаны танысаңыз, сол жан туралы ВКонтакте желісінде баяндап жазып, көпшілікпен бөлісе аласыз. Егер Сіздің жазған деректі шығармаңыз үздіктер қатарынан көрінсе, облыстық баспасөз беттерінде жарияланып, бағалы сыйлықтармен мадақталады. Ендеше, акцияның ереже-шарттарымен таныс бола отырыңыз:акция
 
1.Жалпы ережелер
"Біздің батырларымыз жанымызда" акциясы (бұдан әрі – Акция) қостанайлық жерлестеріміздің жетістікке жету тарихын ілгерілетуге бағытталған. Бұл "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізіледі. 
Акцияны "Қостанай таңы", "Костанайские новости" облыстық газеттерімен бірлесе отырып, "Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" ММ ұйымдастырады.
Акция тәуекелге негізделген лоторея немесе ойын емес, оған қатысу үшін төлемақы алынбайды.
Осы Ереже Акцияға қатысуға ниет білдірген барлық мүдделі тұлғаға ұсынылады. Аталған Ереже www.sayasat.kostanay.gov.kz  ресми сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде ашық қолжетімді түрде жарияланады.
Акция мақсаты – "100 жаңа есім" арнайы жобасын ілгерілету.
Акция келесі әлеуметтік желілерде өткізіледі:
1)Instagram (жарнама)
2) ВКонтакте (негізгі платформа)
3) Facebook (жарнама)
 
2.Акцияны өткізу шарттары
Акцияға Ішкі саясат басқармасының "https://vk.cjm/internalpolicy_kst" ВКонтакте парақшасының барлық жазылушылары қатыса алады. Бірінші кезеңде акцияға қатысушылар (парақша жазылушылары) әлеуметтік желіде фотосуреттерді тіркей отырып, өз жерлестері туралы жазулары тиіс (әр адамнан – 3 посттан, таңбалар саны – 800-ден артық емес). Екінші кезеңде дауыс беру ұйымдастырылады. Дауыс беру арқылы жеңімпаз анықталады – ең көп дауыс жинаған жетістікке жету тарихы, баспа БАҚ-та жарияланатын болады.
 
3. Акцияны өткізу тәртібі
Акция 2018 жылғы шілде-желтоқсан айлары аралығында келесі кезеңдер бойынша өткізіледі:
-2018 ж. шілде-қыркүйек – тарихтарды жазу;
-2018 ж. қазан-қараша – дауыс беруді жүргізу;
2018 ж. қараша – нәтижелерін хабарлау, баспа БАҚ-та посттарды жариялау.
 
4.Бағалау рәсімі
Сараптамалық бағалауды акция ұйымдастырушылары жүзеге асырады. Олар жауаптарды анықтап, барлық баллдарды санайды.
 
5.Акция қорытындысы және қатысушыларды марапаттау
Акция қортыныдысы бойынша жеңімпаз анықталады. Ең белсенді қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жүлде қорын ұйымдастырушылар тағайындайды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2018 жылдың қараша айында өтеді. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓