Триатлоншылар Тобыл төрінде
Қостанай қаласында триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Қорғаныс министрлігі Армия Орталық спорт клубының (АОСК) баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жарысқа барлық өңірлерден 70-ден астам спортшы қатысты. Атлеттер үш дисциплинада бақ сынады: 750 метрге жүзу, 20 шақырымдық веложарыс және 5 шақырымға жүгіру.
Жарыс қорытындысы бойынша, бірінші орынды АОСК-ның «Барлау» (қатардағы жауынгерлер А. Нығметов, Д. Риве, К.Лимаренко) командасы жеңіп алды. Екінші және үшінші орындар да армиялық «Айбын» (А.Қозыбаев, М.Никульшин, А.Гладилин) және «Жауынгер» (аға сержанттар Р. Сәтжанов, В.Кузнецов, С.Ниязов) командаларына бұйырды.
Айта кетейік, чемпионат жеңімпаздары Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында 2-6 тамыз аралығында Алматыда өтетін Азия кубогында бақ сынайтын болады. Құрлықтық біріншіліктің медальдарына үшін 40 елдің 130-дан астам спортшысы таласпақ. Жарыстар үш кезеңмен өтеді: 750 метрге жүзу, 20 шақырымдық веложарыс және 5 шақырымға жүгіру.
Сурет "ҚазАқпарат" агенттігінен алынды