Ғасыр тойы

Ұлы Отан Соғысының ардагері, Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитеті департаментінің зейнеткері, ішкі қызмет майоры Михаил Степанович Кондратенко 17 шілде күні жүз жасқа толды.4
Қарияны мерейтойымен құттықтау үшін Қостанай қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, өзі қызмет еткен Қостанай облысы бойынша ҚАЖД басшысының орынбасары әділет полковнигі Болат Байжанов, ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі Ербол Қаппасов және Қостанай қаласы әкімдігінің қызметкерлері үйіне барып арнайы құттықтады.3
Мерей иесін құттықтауға барған барлық қонақтар жүрекжарды лебіздерін білдіріп, сый-сияпаттарын көрсетті. 
-Құрметті Михаил Степанович, Сіздің өміріңіз кейінгі ұрпаққа өнеге, ұмытылмас тарих боларына кәміл сенеміз. Сіздің сұрапыл соғыстағы ерлігіңіз тарихқа алтын әріппен жазылады, кейінгі қызметтегі еңбегіңіз өскелең буынға баға жетпес тәрбие. Қажыр-қайратыңыз талмай жасай беріңіз, жан-жарыңыз Анна Петровнамен мәңгі бақытты болуыңызға тілектестік білдіреміз, – деді өз құттықтауында Ербол Қаппасов.2
 
Михаил Степанович 1941-1944 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, бірнеше рет ерлік көрсеткен. Ұлы жеңістен кейін 1948 жылға дейін Қарағанды қаласында әскери тұтқындарға арналған лагерь басқармасында нұсқаушы қызметін атқарған. 1949 жылы Қарағандыдағы тұтқындармен жұмыс істеген. Ол 1963 жылы Қостанай облысына қызметке ауысып, Құсмұрын кентіндегі колонияда режим жұмысы бойынша бастықтың орынбасары міндетін атқарған. Михаил Кондратенко қызметін жақсы және адал атқарғаны үшін "Тәрбие жұмысының үздігі" белгісімен бірнеше рет марапатталған, «Қызыл жұлдыз», «Сталинградты қорғағаны үшін», «Жеңістің 20 жылдығы», «XXX Кеңес әскері және флоты», «Мінсіз қызметі үшін 1 дәреже» және басқа да көптеген марапаттары бар. 1971 жылы Қостанай облысы 52-ЕТК бастығының орынбасары міндетінен зейнетке шықты.1
Зайыбы Анна Петровнамен ұл мен қыз өсіріп, қазіргі уақытта немере және шөбере тәрбиелеп отырған бақытты да үлгілі жанұя.
Құттықтаудың жалғасы ҚАЖК департаментінде кішігірім концерттік бағдарламаға ұласып, ең жақын деген туыстары жиналып, "Мирас" мәдениет үйінің әншілері берген мерекелік концертке ұласты.
 
Мейрам Оспанов,
Академияның баспасөз хатшысы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓