Ақпараттық жадынама Брайль қарпінде
Қостанайда көзі нашар көретін мүгедектерге арналған ақпараттық жадынама әзірленді. Брайлл қарпі бойынша дайындалған жадынамада кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттар жинақталған. Жадынаманың таныстырылымы бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес АҚ-ның Қостанай облыстық филиалының базасында өтті. ХҚКО мамандарының айтуынша, бүгінде мекенжай анықтамасы мен ЭЦҚ алу және тұрғылықты жер бойынша тіркелу сияқты қызметтер көпшілік арасында сұранысқа ие. Тұрғындар арасында жүргізілген түсіндіру жұмыстарының арқасында қазіргі күні қағаз жүзінде көрсетілетін қызметтер саны 2 есеге қысқарған.
– Облыста көру қабілетінен айырылған жеті жүз мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Соның 250-і Брайль қарпінде оқи алады. Аталған азаматтарға ыңғайлы болсын деген оймен ақпараттық жадынама әзірлеп шығардық. Мұнда азаматтардың құқықтары мен міндеттері, шағым түсіру тәртібі, біздің байланыс телефондармыз, сенім телефондары, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жүйесі Брайл қарпімен жазылған. Барлық мемлекеттік органдарды өздері көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша осындай жадынамаларды жасауға шақырамыз, – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Костанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Асхат Ескендіров.
Аталмыш басқосуға қатысқан Қостанайдағы қазақ соқырлар қоғамының өкілдері ХҚКО-ның «1414» call-орталығына қатысты сын айтты. «1414» нөмірімен байланысу ұзақ уақытқа ұласатын көрінеді. Сондай-ақ, Брайль қарпімен оқи алмайтын мүгедектер үшін ақпараттық жадынаманың аудионұсқасын әзірлеуді ұсынды.

Қымбат ДОСЖАНОВА