«QazTalks» азаматтық қоғамының ашық конференциясы өтті

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланғаннан бергі бір жылдан астам уақыт ішінде өңірде қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған көптеген ауқымды шаралар атқарылды. Алайда, жасыратыны жоқ, бүгінде қай салада болмасын, кез келген шараны қисыны келсе де, келмесе де  «Рухани жаңғыруға» әкеліп тели беретін дәстүр бар. Сондықтан, бағдарламаның мән-маңызын дұрыс түсініп, онда айтылған ой-тұжырымдар мен міндеттерді көпшіліктің ой таразысымен екшей отырып жүзеге асыру қажет. Осы мақсатта достық үйінде «QazTalks» азаматтық қоғамының ашық конференциясы өтті. WhatsApp Image 2018-07-18 at 16.41.49
WhatsApp Image 2018-07-18 at 16.41.46 (1)Конференцияға саяси партиялар мен қоғамдық ұйым, бизнес және БАҚ өкілдері қатысты. Жиында талқыланған негізгі мәселе – қоғамдық сананың ашықтығы мен азаматтық белсенділік. Шараны облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев жүргізіп отырды. Жиын барысында әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, профессор Жанділда Мақанов, «Жас қанат 2006» ЖШС бас директоры Қайрат Маишев, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Индира Беишовалар сөз алып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірде қалай жүзеге асып жатқандығы және оның нәтижелері  жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.WhatsApp Image 2018-07-18 at 16.41.47 (1)
 
WhatsApp Image 2018-07-18 at 16.41.43Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар көппен кеңесе отырып, қоғамдық сананы жаңғырту тетіктерін нақ айқындауға мүмкіндік береді. Қоғамдық сананың ашықтығы – азаматтық белсенділікті қажет етеді. Сондықтан өңірдегі сан алуан әлеуметтік топтар мен түрлі қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелер мен билік өкілдерінің басын қосып, ашық ой-пікір алмасуға мүмкіндік беретін мұндай жиын  алдағы уақытта да жалғасады. Ішкі саясат басқармасының басшысы М. Жұрқабаевтың айтуынша, «QazTalks» азаматтық қоғамының ашық конференциясы енді ай сайын өтіп тұратын болады.  
 
Нұрқанат Құлабаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓