Жаңа темір жол, жаңа мүмкіндік
Мемлекет басшысының қатысуымен «Арқалық-Шұбаркөл» » және «Жезқазған-Бейнеу жаңа теміржол желілерінің ашылу салтанаты болып өтті,

Телекөпір арқылы станция жетекшілері Мемлекет басшысына жаңа бағыттарды іске қосуға дайын екендіктерін баяндады.
Елбасы барша қазақстандықтарды құттықтай отырып, магистралдардың ашылуын жылдың маңызды әлеуметтік-экономикалық оқиғаларының бірі екенін атап өтті.

Президент, сондай-ақ, қос теміржол желісінің құрылысына 10 мыңнан астам адамның тартылғанын және тағы 3 мың адамның тұрақты жұмыспен қамтылатынын атап өтті.
Айта кетейік, «Арқалық-Шұбаркөл» және «Жезқазған-Бейнеу» желілерінің жалпы ұзындығы 1200 шақырымды құрайды. «Арқалық-Шұбаркөл» желісі еліміздің орталық бөлігін Ресеймен байланыстырып, одан әрі Батыс Еуропа елдерін жалғайды.
Ал, «Жезқазған-Бейнеу» желісі Орталық Қазақстан мен Ақтау порты арасында қысқа мерзімді байланыс орнатып, ары қарай Түркіменстан мен Парсы шығанағына жол ашады.