Таңдаулы спортшыларды марапаттады
Аманкелді ауданының спортшылары биылға дейін облыстық спартакиадада соңғы орындарды иеленіп келді. Ал биылғы жылы жақсы нәтижеге қол жеткізді. Былтырғы жылғы 19-шы орыннан – биыл 12-ші орынға көтерілді.

Бұл жағдай аудан халқын да қуанышқа бөледі. Аудан спортын одан әрі көтеру мақсатында аудан әкімі Ж.Таукенов таяуда ауданның бір топ үздік спортшылары мен үздік жаттықтырушыларын және үздік ардагер спортшыларын қол жеткен жоғары нәтижелерімен құттықтап, өзінің арнайы дипломы мен ақшалай сыйлықтар тапсырды.
Марапатқа ие болғандар арасында дзюдошы спортшылар: Данияр Алтынбаев, Гүлдана Нүркей, Ертөре Махат, Ақкүміс Ахметова, боксшы Райымбек Әуезханов және қазақша күрес балуаны Данияр Оңжанов, жаттықтырушылар: Жеңіс Әбдікұлы, Қуанышбек Бектепбергенұлы, Бағдат Бақытжанұлы, спорт ардагерлері: Ағыбай Әбдікәрімұлы, Берік Сейдағалиұлы, Сағидолла Жанділдәұлы бар.
Хамитбек
МҰСАБАЕВ
Аманкелді ауданы.