Тасқынды тосқауылдауға 400 млн. теңге тартылмақ
Қостанай облысына су тасқынымен күресуге 400 млн. теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы күні кеше облыс әкімдігінде өткен жиында мәлімденді. Қауіпті барынша сейілту үшін тыңғылықты жұмыстар жасалуда. -591 мм қар сыртқа шығарылды. Ұзындығы 6,5 км еріген суды ағызатын 5 объект (жыра) салынды. Тазарту жұмыстары кезінде 250 көлік бұтақтар мен қоқыс шығарылды. Жоғарғы Тобыл, Қаратомар және Қызылжар су қоймалары мұздан тазартылды, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов.Айта кетерлігі, басқосуға ТЖК төрағасы Владимир Беккер қатысты. Ол бұл кеңеске дейін Тобыл-Торғай өңіріндегі жағдайды тікұшақпен барлап қайтқан-ды. Оның айтуынша, комитет келтірген дерек бойынша, облыстағы 13 ауданның 49 елді мекені су басу қаупімен бетпе-бет келіп тұр. Тізімді Қостанай, Арқалық, Лисаков қалалары бастайды. Ғ. Нұрмұхамбетовтің айтуынша, «Облыстық ауқымдағы төтенше жағдайдың алдын алу және жою» бағдарламасы бойынша 2016 жылы облыс бюджетінен 27 млн 887 мың теңге бөлу қарастырылған.
Сонымен қатар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою үшін облыстық төтенше резервтен 79 млн., ал шұғыл шығыстарға арналған арнайы қордан 291 млн. теңге бөлінеді.Жиында облыс басшысы Архимед Мұхамбетов аудан басшыларына және жергілікті атқарушы органдарға кез келген жағдайға тастүйін дайындалуды тапсырды.
Төтенше жағдайларды жою бойынша аймақтық жедел штаб құрамы бекітілді.