Колумбиядан келген цирк әртістеріне айыппұл салынды
Қостанай қаласы мамандандырылған әкімшілік соты Колумбияның төрт азаматына қатысты әкімшілік істі қарады.
Бойжеткен мен үш жігіт (барлығы 23 жаста) халықтық көші-қоны саласындағы ҚР заңнамасын бұзды. Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінде нақтылағандай, олар заң бойынша тіркеуден өтпеген. Колумбиялықтар бұл олардың заң білмегендіктерінен орын алғанын мәлімдеді.
-Колумбия азаматтары – цирк әртістері. Олар құжат ресімдеуді цирк әкімшісіне сеніп тапсырған.
Сот Колумбия азаматтарын әкімшілік жазаға тартты, олар 30 мың теңге айыппұл төледі.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.