Жемқорлықпен күрес – заман талабы
Қамысты аудандық сотының төрағасы Н. Жанакаев жергілікті билік өкілдерінің қатысуымен "Мемлекеттік қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және жою" тақырыбында жиын өткізді.
Басқосу барысында сот төрағасы осы уақытқа дейін тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының арасында, көп кездесетін қызметтік жалғандық жасау, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, пара алу сияқты заңға қайшы әркеттер туралы айтып берді.
Сондай-ақ, аудан аумағында тіркелген сыбайлас жемқорлық фактлері мен қозғалған қылмыстық істерді қарау нәтижелерінен нақты мысалдар келтірілді.