Әрбір теңге есеппен жұмсалады

Өңірімізде биылғы жұмсалатын бюджет көлемі былтырғыға қарағанда 5,9 млрд. теңгеге артып, 180,2 млрд. теңгені құрап отыр. Оған «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша трансферттер қосылмақ. Бұл туралы дүйсенбі күні аймақтық әкімдікте өткен жиында олыстық қаржы басқармасының басшысы С.Аймұхамбетова мәлімдеді.
information_items_11030Айтуынша, бюджет қаражаты салық және салықтан тыс келіп түскен кіріс ақшалардан құралады:
– Сондай-ақ, 3  деңгей бойынша – 57,6 млрд. теңге,  республикалық бюджеттен келетін субвенция – 58,9 млрд. теңге, республикалық бюджет есебінен алынған бағдарлы трансферттер мен кредиттер – 63,5 млрд. теңге. Биылғы жылы облыс бюджеті әлеуметтік салаға басымдық беріп отыр. Яғни, бұл бағытқа 102,3 млрд. теңге бөлінбек, – деді С.Аймұхамбетова.
Басқарма басшысы әлемдік экономиканың құбылып жатқаны еліміздегі бюджеттің орындалуына айтарлықтай әсер етіп отырғанын жеткізді. Соған байланысты өткен жылдың желтоқсан айында республикалық бюджет шығыны, оның ішінде трансферттер мен кредиттер 1 млрд. 990 млн. теңгеге қысқарған. Мұндай қысқартулар құрылыс басқармасында (1,2 млрд. теңге), энергетика басқармасында (374 млн. теңге), кәсіпкерлік басқармасында (199,8 млн. теңге), экономика басқармасында (61,8 млн. теңге) болып отыр.
– Қазіргі таңда Ел Үкіметі республикалық бюджетті қысқартуды қарастырып жатыр. Сол себепті бюджеттің кірісі қысқаратын қаржы есебінен жабылады. Республикалық бюджет есебінен алынған бағдарлы трансферттер мен кредиттер бойынша жүзеге асырылатын жаңа инвестициялық жобалардың барлығы қысқаратын болса, жүзеге асырылып, жалғасып келе жатқан инвестициялық жобалар, әкімшілік, ақпараттандыру, іссапар және өкілдік шығындар 20% қысқармақ. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 2015 жылғы аудандар мен қалалардың бюджетін қарастыру жөнінде жұмыс тобы құрылды, бұл сол аудан-қалалардың қаржылық жобаларын бүге-шігесіне дейін қарастыратын болады. Ал ел қазынасынан бөлініп, жұмсалмаған қаражаттың барлығын ең алдымен кері қайтарып, әкімшілік ғимараттарын жөндеуге жұмсау қажет, –  деді С.Аймұхамбетова.
 
Шұға Қоңқабай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓