Академия алдыңғы сапта

Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасын қолдап, «StreetWorkout KZ» спорттық шарасына қатысып, жүлделі болды.MFTL3354
Жақында Астананың төрінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қолдауымен республикалық «StreetWorkout KZ» спорттық конкурстың қорытынды кезеңі болды. Осыдан бір айдан астам уақыт бұрын Мәдениет және спорт министрі барша бұқара халыққа «StreetWorkout KZ» спорт түрімен шұғылдану туралы бейнежазба эстафетасын жариялаған болатын. Осы спорттық шараға республиканың түкпір-түкпірінен және АҚШ, Қытай елдерінен 167 өтінім келіп түсті. Аталмыш үміткерлердің ішінде ҚР Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ұжымы да бар.IMG_4821
Спорттық шараның гала концерті Астананың 20 жылдығына орай, Астана қаласындағы «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде еліміздің өнер және спорт жұлдыздарының және министрдің қатысуымен өтті.
Гала концертке Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов пен спорттық шараға жауапты әрі жаттықтырушы полиция капитаны Аян Шаймұханов қатысып, министрдің алғыс хатын алды.
Жарысқа қатысушылардың арасында еліміздің жұлдыздары – Серік Сәпиев, Әділ Ахметов, Қайрат Нұртас, Денис Тен, Галиб Джафаров, Қанат Ислам, Жақсылық Үшкемпіров, Юрий Мельниченко, Нұрбақыт Тенизбаев, Асет Иманбаев, Ардақ Назаров, Мөлдір Әуелбекова болды.QABY9859
Міне, осындай ауқымды спорт түрі қазіргі уақытта жастар арасында кеңінен танылып, қызығушылық тудыруда.
Жарыста мыңның арасында суырылып шыққан, 10 мың дауыс жинап ең үздік ролик атанған ақтаулық Эльдар Ягьеяевке жарысты ұйымдастырушы Мәдениет және спор министрлігінің атынан сыйға тартылған StreetWorkout спортымен шұғылдануға арналған кәсіби алаң салынатын болады. Ал арнайы 500 000 теңге Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының тұрғыны Азамат Сапарға тарту етілді. Одан кейін белсенділік танытқаны үшін белгілі әнші Мөлдір Әуелбековаға да арнайы сыйлық берілді. Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы «Ең үздік командалық бейнеролик» номинациясы бойынша марапатталды.IMG_4816
 
IMG_4820Осындай ұмытылмас сәтте Академия полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов министрдің және барша халықтың алдында өзінің жүрекжарды лебізін жеткізді.
«Біздің Ішкі істер министрлігінің Қостанай Академиясы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының үндеу қолдап, барша қазақстандықты осы челленджге қатысуға және спортпен шұғылдануға шақырады. Біздің академия спорттың 10 түрімен (самбо күресі, жауынгерлік күрес, қазақ күресі, еркін күрес, қоян-қолтық күрес, жеңіл атлетика, баскетбол, волейбол және футбол) айналысады. Спорт – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Осы орайда, халықаралық аренада Қазақстан спортының беделі жыл санап көтеріле түскенін аңғарамыз. Осының бір айғағы ретінде бүгінгі республикалық StreetWorkout KZ-тің спорттық шарасына құрметті қонақ ретінде қатысып отырғанымызға өте қуаныштымын. 167 өтінім берушінің ішіндегі ең мықты команданың ішіне еніп, мәдениет және спорт министрінің назарына ілігіп, алғыс хат алғанымыз – біз үшін үлкен жетістік. Жалпы, бұл спорттық шараны біз қашанда қолдап келеміз. Мақсатымыз – бізде оқып жатқан болашақ полицей қызметкерлерінің бойында күш, қайрат, төзімділік, ептілік және жылдамдық қабілетін қалыптастырып, ойы ұшқыр, дене бітімі сау және рухани жағынан дамыған курсант етіп тәрбиелеу. Бұқаралық спорт түрі StreetWorkout KZ-тің бастамасын бірінші курсқа қабылданған курсанттардан бастап қызметтік қолданбалы спорттың 8 түрімен шұғылдандырудамыз. Елбасының қанатты сөзімен айтқанда, білімді, денсаулығы жақсы адам ғана жеңіске жетеді. Демек, біз де бүгін көпшіліктің арасынан дара шығып, Астана төрінде марапатқа ие болып отырғанымызға қуаныштымыз»,- деді ол.SALZ5121
 
IMG_4819Аламан жарысқа қатысып, жүлделілер қатарынан көрінген Академия ұжымын, басшылығын және еңбектеніп тер төккен курсанттарды осынау жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта бұдан да биік шыңдардан көріне беруге тілектеспіз.
 
Мейрам Оспанов,
Академияның баспасөз хатшысы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓