9 келі есірткі тәркіленді

1 маусымда басталған "Көкнәр-2018" жедел алдын алу шарасы барысында есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері 84 құқықбұзушылық анықталды. Есірткі саудасының 16 дерегі әшкере болды. Заңсыз айналымдағы 9 келі есірткі тәркіленді. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды. марихуана
4 шілдеде тәртіп сақшылары Қостанай ауданында 44 жастағы жергілікті тұрғын тізгіндеген "ВАЗ-2114" маркалы көлігін тоқтатты. Олар машина салонын тексеру барысында полиэтиленді пакетке салынған 2 келіден артық марихуана тапты. 
"Мұндай факт Рудный қаласында да анықталды. "ВАЗ-2112" көлігін тінту кезінде 2 грамға жуық героин табылған. 22 жастағы рудныйлық есірткіні темекі қорабына жасырып жүрген", – делінеді хабарламада. 
Аталған деректерге сәйкес, 296-бап ("Сауда мақсатынсыз аса ірі көлемде есірткілік, психотроптық заттарды заңсыз сақтау") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓