Қор өз жұмысын қорытындылады
“Мархабат” қоғамдық қоры әлеуметтік жобалар бойынша атқарған жұмыстарын қорытындылады.


-Біздің қордың басты мақсаты – қант диабетінің алдын алу, аурудың етек жайып кетуіне тосқауыл қою үшін тұрғындар арасындағы саламатты өмір салтын қалыптастыру бағытында түрлі жұмыстарды атқару. Ағымдағы жылы да қант диабеті, оның алдын алу, жалпы денсаулықты күту, ұзақ өмір сүрудің сыры мен саламатты өмір салтын ұстануға бағытталған шараларды да қамтыдық. Жыл басынан бері осы мақсатта 12 семинар мен 5 дөңгелек үстел өткізіп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында онға жуық мақалалар мен репортаждар жарық көрді. Бұл бағыттағы жұмыстар келер жылы да жалғасын табатын болады, – дейді Б.Бисетаева.
Қарлығаш Оспанова