30 адамды өрттен құтқарған
Қостанай облысының Полиция департаментінде Конституция күніне орай үздік қызметкерлер марапатталды. Салтанатты іс-шара ведомстволық музейде өтті. Іс-шарада мінсіз қызметі мен жоғары көрсеткіштері үшін үздік полицейлер марапатталды. "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен патрульдік полиция инспекторы аға сержант Нұрбек Есқабыл марапатталды. Полицей биыл әріптесімен бірге өрттен 76 жастағы зейнеткер мен сәбиді құтқарған. Олар барлығы 30-дан астам адамның өмірін ажалдан арашалап, осынша тұрғынды қызыл жалынның ішінен қауіпсіз жерге шығарды. Нұрбекке бұл ерлігі үшін Ішкі істер министрлігінің және облыс әкімінің алғыс хаттары табысталған еді.
Жалпы, Конституция күнін мерекелеу қарсаңында барлығы 118 қостанайлық полицей марапатталды.