Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Мұрат Кәрібайұлы Бектанов ҚР Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды. Ақорданың ресми сайтына Мемлекет басшысының Жарлығы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"М.К. Бектановты тағайындау туралы
2021 жылғы 31 тамыз
Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 31 тамыз, № 649" – делінді Жарлықта.
Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.
Фото:sarbaz.kz

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓