Ауылдарға ауыз су жеткізіледі
Алдағы жылы ауылдарды сумен қамтамасыз ету үшін қазынадан 5 558,0 млн теңге бөлінеді. Бұл қаржы Амантоғай, Үрпек, Ақшығанақ, Денисов, Некрасов, Арқа, Челгашы, Боровской және Первомай ауылдарындағы сумен жабдықтау желілерін қайта құруға жұмсалады. Жақсы жаңалықты облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Спанов мәслихаттың сегізінші сессиясында хабарлады.Сонымен қатар Сарыкөл ауданындағы Лихачев су құбырлары қайта қалпына келтіріліп, Таран ауданындағы Новоильинов ауылының су тарту желіліренің құрылысы мен Затобол ауылының су құбырын жалғау жұмыстары басталады. Қалалық сумен жабдықтау және суды бұру жұмыстары бойынша Лисаков қаласында төрт жобаны жүзеге асыруға 945,0 млн теңге бөлінеді. Аталған жобалар сумен жабдықтау, канализация желілерін, қысымды жинаушы және биологиялық ағынды суларды тазарту қондырғысын қайта құруға арналған.
Қымбат ДОСЖАНОВА