Елордаға не сыйлаймыз?

Қостанай тартуы – веложол
 
ҚР барлық облысы Астана қаласының 20 жылдығына орай түрлі сыйлықтар дайындағанын газет сайтында жазған болатынбыз. Еске салсақ, Астана қаласында елорданың туған күнін мерекелеуді дайындау және өткізу мақсатында комиссия құрылды. Нәтижесінде комиссия «Ел жүрегі – Астана» атты мерекелік тұжырымдамасын бекітіп, екі ай мерзімде Астананың 20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, уақтылы қаржыландыру қамтамасыз етілді. Өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелді. Жалпы Астананың 20 жылдық мерейтойында тек қана елордада 645-тен астам мәдени-бұқаралық шара өткізу жоспарланған.7
Бұған дейін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астананың 20 жылдық мерейтойына қандай сый тарту ететінін айтып берді.
«Астананың 20 жылдығы құрметіне бірнеше облыспен бірігіп, велосипед жолдарын салып жатырмыз. Онда бюджеттік қаражат та, демеушілік қолдаулар да бар. Мәселен, велосипед жолдары бюджет ақшасына жасалса, кішігірім сәулеттік мүсіндер демеушілер есебінен болмақ. Біздің басты міндетіміз құрылысты сапалы жүргізіп, уақытында пайдалануға беру», – деп жауап берді әкім журналистер сұрағына Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Міне, жақында Астана қаласының әкімі Ә.Исекешев Нұрсұлтан Назарбаевқа жалпы ұзындығы 56 шақырым болатын велосипед көлігінің инфрақұрылым нысандарын таныстырды. Велосипед жолы Есіл өзенінің бойы мен сол жағалауы және ЭКСПО кешенінің нысандары арқылы өтеді. Ол қалалық саябақтағы шаңғы және роликке арналған жолдар мен Ильинка кентінен «жасыл белдеу» арқылы өтетін велосипед жолақтарын байланыстырады. Велотректер арнайы үстелдері және велосипед қоятын орындары бар, wi-fi және телефонды зарядтау мүмкіндігі қарастырылған «ақылды инфрақұрылыммен» жабдықталған. Көпірдің дизайны сәулет өнерінің әлемдік үрдісіне сәйкес келеді. Оның сырт келбеті заманауи үлгіге сай, ал жаяу жүргіншілерге арналған ішкі жағы жарық пен көлеңкенің қызықты көрінісін бейнелейді.6
Конструкцияның ұзындығы – 300 метр, салмағы – 2 500 мың тонна, көпірдің үсті пішіні жағынан бір-бірін қайталамайтын 2450 жапырақпен көмкерілген. Көпір жобасын Астананың урбанистика орталығы әзірлеген. Ерекше көпір елорда тұрғындары үшін тағы бір тынығу орнына айналмақ. Елбасы қостанайлықтардың сыйлығын жоғары бағалап, елорда күллі қазақстандықтардың еңбегі екенін атап өтті.
Велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірді және велосипед инфрақұрылымын «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Жамбыл облыстарының әкімдіктері тұрғызды. Оған Қостанайдан 582 млн теңге жұмсалды.
 
Іс-шаралар кестесі түзілді
 
Астананың 20 жылдығын атап өтуге бағытталған мерекелік шаралар туралы толыққанды мәлімет беретін ресми сайт ашылды. Сайттың сілтеме – www.astanaday.kz. Жаңа сайтта 2018 жылдың маусым айынан қыркүйегіне дейінгі мерекелік шаралардың кестесі берілген. Олардың арасында концерттер, театрлық қойылымдар, жәрмеңкелер мен ресми, мәдени-бұқаралық, спорттық шаралар бар. Порталда Астананың 20 жылдығына арналған шаралардың уақыты, өтетін орны, билеттер бағасы, БАҚ-қа арналған баспасөз парақтары, жолдың жабылуы мен көлік тұрақтары туралы барлық мәліметтер жарияланады. Айта кетерлігі, қала қонақтары мен тұрғындары үшін сонымен бірге Астананың 20 жылдығына арналған мерекелік шаралар туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде қалалық «iKomek» жедел әрекет ету және мониторинг орталығынан (ол жерде тәулік бойы «109» нөмірі жұмыс істемек) алуға болады. Еске сала кетсек, Астананың 20 жылдығына орай елордада жыл бойы 630 шара өткізу көзделуде.
Қостанай қаласында Елорданың 20 жылдығына орай облыстық кітапханада «Ел жүрегі – Астана» тақырыбында тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда, бас шаһардың тарихы, өткені, осы күні мен болашағы жайлы, экономикалық, мәдени және әлеуметтік дамуы туралы әдебиеттер ұсынылды.img04
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде Елордамыздың 20 жылдығына орай Қазақстан өңірлеріндегі Астана қаласының күндері аясында «Ақ тілекпен, Астана» атты көрменің тұсаукесері өтті. Көрмеде көрсетілген шеберлердің әрбір буыны өздерінің қайталанбас ерекшелілігін бейнелейді. Қазақстанда қазіргі заманауи бейнелеу өнері, тәуелсіздік жылдарындағы өз дамуының жаңа кезеңінде жалғасын тауып, ұрпақ пен болашақ арасындағы үздіксіз үндестікті көрсететін, зор шығармашылықтың белсенділігін айқындайды.
Астананың 20 жылдығын тойлау шеңберінде облыс бойынша атқарылған іс-шаралар ауқымы кең. Алдағы уақытта Тобыл өңірінде жаңадан нысандар салынып, бірқатар мәдени-концерттік бағдарламалар өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтылған болатын.
Негізі, мерекені тойлау біздің облыста өткен жылдың желтоқсанында басталған. Сол кезеңнен бері түрлі сипаттағы 1300 іс-шара ұйымдастырылды. Астана мерейтойына арнап инвестициялық жобалар, тұрғын үйлер, инфрақұрылымдық, әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысын іске асыру жоспарланған.
6 шілде Астана күнін қостанайлықтар биыл «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» саябағында тойлайды. Онда этно-ауылдар салынып, қолөнершілер көрмесі ұсынылады. Ашық аспан астында кинотеатр бой көтереді. Новосібір қаласының цирк әртістері тұрғындарға сый жасап, өнерлерін тегін түрде ортаға салады. Қазақстандық эстрада жұлдыздары Ерке Есмахан мен «Дос-Мұқасан» тобы келеді деп жоспарланған.   1d4d46ef86efa065791182c33c2129c2-696x430
 
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суреттер Ақорданың сайтынан және ғаламтордан алынды    
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓