Заңды қайта қарауды ұсынады

Облыс кәсіпкерлері алкоголь өнімін сақтау және сатуға салынатын  жыл сайынғы лицензиялық алымды қайта саралауды сұрайды. Бұл туралы Өңірлік палата директорының орынбасары Самат Сәдуақасов хабарлады.алго
       Жыл басынан бері кәсіпкерлер Палатасына салық салу мәселелерін көтерген  өтініштер толассыз түсіп жатыр. Алкогольді ішімдіктерді сатуға берілетін лицензияны уақытылы тапсырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған кейбір сауда нүктелерінің иелері өз қызметін тоқтата тұруға мәжбүр,
      Алымды төлеудің мерзімін өткізіп алған кәсіпкерлер де палата өкілдеріне шағым түсірген. Әкімшілік кодекстің жаңа редакциясына сәйкес оларға алым сомасынан әлдеқайда көп айыппұл салынып, алты айға дейін қызметін тоқтату қаупі төніп тұр.
      – Мысалы, аудан орталықтарының біріндегі дүкен иесі 60 000 теңге сомасындағы алымды белгіленген мерзімнен төрт күнге кеш төлеген, – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Самат Сәдуақасов. – Заңды бұзғаны үшін енді оған 300 000 теңге айыппұл салынады.
       Кәсіпкерлер ірі супермаркет пен ауылдағы шағын дүкеннің иесі бірдей соманы төлеу әділетсіз деп санайды.
      -Бұл проблемалар жергілікті деңгейде шешілмейді, тек заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолданды, – деп хабарлады С.Сәдуақасов.20131023_12_47_54465
      Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 1 қаңтарынан бастап елімізде алкоголь өнімдерін көтерме және бөлшектеп сатуды жүзеге асыратын тұлғалар үшін жыл сайынғы лицензиялық алым енгізілді. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда алым сомасы – 100 АЕК (айлық есептік көрсеткіш), аудандық маңызы бар қалалар мен кенттерде – 70 АЕК, селолық елді мекендерде – 30 АЕК құрайды. Төлем әр жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей жүзеге асуы тиіс.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓