Критериалды бағалау – сапалы білім өлшемі

IMG_5724Тобыл топырағында екінші рет ұйымдастырылған "Жарқын белес" республикалық педагогикалық форумында қатысушылар екі күн бойы өз шеберліктерін шыңдап, педагогикалық тәжірибе жинақтады.
Елбасының тапсырмасына орай, 2011 жылдан бері елімізде педагогикалық мамандарды даярлауға, олардың біліктілігін арт-тыруға және педагогикалық шеберлік орталықтарын құру мен "Назарбаев зияткерлік мектептерінің" тәжірибесін қолдануға да баса көңіл бөлініп келеді. Өйткені, бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет ол білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Себебі, қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маманның болуы да мүмкін емес. Сондықтан, болашақ маманның сапасы мұғалім-нің біліктілігіне тікелей байланыс-ты.
Форумның салтанатты ашылуында сөз алған облыстық білім басқармасының басшысы Ә.Төртқараева да қазіргі білім беру саласындағы жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізетіндігін баса айтты.
– Биыл үшінші жыл, еліміздің мұғалімдері біліктіліктерін арттыру мақсатында үш деңгейлі арнайы курстардан өтіп, соңғы заманауи технологияларды басшылыққа алуда. Қай кезеңде де, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Сондықтан, білім саласындағы түбегейлі өзгерістер мұға-лімдерден де зор жауапкершілікті талап етеді. Өткен жылы Қостанай облысы бойынша осындай үш деңгейлі курстардан барлығы үш мыңнан астам мұғалім біліктіліктерін жетілдірсе, биыл олардың саны сегіз жүз адаммен толығып отыр. Тобыл топырағында екінші рет ұйымдастырылып жатқан "Жарқын белес" педагогикалық форумының да мұғалімдерге ғана емес, оқушылар мен ата-аналарға да берері мол, – дейді Ә.Төртқараева.
Ресейден арнайы шақырыл-ған педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, критериалды бағалаудың авторы әрі халықаралық сарапшы Анастасия Вертьянова да форум барысында критериалды бағалау технологиясының IMG_5659ерекшелігіне тоқталды. Оның айтуынша, критериалды бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайды, яғни оқушылардың білімін барынша шынайы бағалауға мүмкіндік береді. Осы кезге дейін біздегі білім саласында 5 балдық жүйе пайдаланылып келсе, ал шетелдердегі мектептердің дені бүгінде 10 немесе 12 балға негізделген критериалды жүйені қолданады екен. Қазіргі таңда біздің еліміздің білім саласында да біртіндеп осы жүйе жүзеге асырылуда, себебі, 12 жылдыққа көшу барысында 5 балдық жүйеден түпкілікті осы жүйеге көшірілетін болады.
Түстен кейін форумға қатысушылар секцияларға бөлініп, бағалау жүйесі туралы, оны жетіл-діру жолдары мен дамыту бағыттары, бағалау стратегияларын тиімді қолдану, өзін-өзі және өзара бағалау,12 жылдық оқуға көшу жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесі, бағалауға жаңаша көзқарастар, тиімді бағалау, іс әрекетті бағалау жайлы модераторлардың баяндамаларын тыңдап, өзара пікір алмасты. Сондай-ақ, мұғалімдер мен оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін арттыру мәселелері де қарастырылып, шеберлік сыныбы мен тренерлік клуб отырыс-тары да ұйымдастырылды.  
Форумға қатысушылар да қолға алған жұмыстарының жемісті болып, сын тұрғысынан ойлайтын, өз әрекеттерін бағалай алатын, өзінің таным жолын дұрыс құра алатын адамды тәрбиелеуге көп көмектеседі деген сенімде.
– Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау үрдісінің маңызы өте зор деп есептеймін. Себебі, білім беру жүйесінде ұзақ жыл бойы оқушылардың білімі бес балдық жүйемен, ал жетістігі басқа оқушының жетістігімен бағаланып келді. Яғни, оқушылардың оқу жетістігін шынайы бағалау болмады. Ал, мына жаңа жүйе оқушылардың оқуға деген қызығушылығын жоғарылатуға өз септігін тигізеді деген үміттеміз. Бүгінгі форумға Назарбаев IMG_5652зияткерлік мектебі мен әйгілі Кэмбридж университетінің біріккен бағдарламасы бойынша үш айлық курстардан өткен, яғни сертификатталған мұғалімдер қатысуда. Бұл басқосудың жаңа оқу әдістерін қолдану аясында әріптестермен өзара тәжірибе алмасуда көп септігін тигізері сөзсіз. Сондықтан, осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылса, мұғалім үшін ғана емес, сонымен қатар оқушылар мен ата-аналар үшін, жалпы қоғам үшін де үлкен жетістік болар еді, – дейді "Өрлеу" АҚ БАҰО-ның Жамбыл облысы филиалының тренері Гүлнәр Әбделиева.
Қарлығаш
   ОСПАНОВА
СУРЕТТЕРДЕ: облыстық білім басқармасының басшысы Әлия Төртқараева; форумнан көріністер.
Суреттерді түсірген: Айбек ЖҮЗБАЙ.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓