“Асық” ойыны – адамзаттың мәдени мұрасы

Оңтүстік Кореяның Чеджу қаласында ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мұраны қорғау Үкіметаралық комитетінің 12-ші сессиясында Қазақстанның «Қазақ дәстүрлі асық ойыны» өтінімі адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.асык ойыны
Сессия аясында Материалдық емес құндылықтарға арналған көрме ұсынылды, сондай-ақ асық ойыны көрсетілген.асык
«Асық ойыны адамның ой өрісінің  және дене бітімінің дамуына ықпал етеді, әрі ұлтына қарамастан өскелең ұрпақ өзара арасында жақындасуға жол ашады. Балалық шақ символы ретінде асық ойыны Қазақстан халқының бірлігін нығайтуда, сондай-ақ бірлік пен ұлттық сана сезімін дамытуда  маңызды рөл атқарады. Халықаралық сарапшылар атап өткендей, балалар – бұл мұраны сақтап қалудың негізгі буыны», – делінген хабарламада.
Номинацияны дайындау жұмысын ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Хатшылығы, Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитеттің сарапшылары, Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігі және Мәдениет және спорт министрлігі бірлес атқарған.20171207190935
Министрліктің мәліметінше, Материалдық емес мәдени мұраны қорғау конвенциясын Қазақстан (2011 ж. желтоқсанда) ратификациялағаннан бері материалдық емес мәдени мұраның репрезентативті тізіміне Қазақстаннан 7 номинация енгізілді:  «Домбырамен күй орындау өнері» (2014 ж.), «Қазақ күресі» (2016 ж.), Қырғызстанмен бірлескен номинациялар ретінде «Киіз үй жасау машықтары» (2014 ж.) және «Айтыс/Aйтыш, суырып салма өнері» (2015 ж.), сондай-ақ көп ұлттық өтінімдер ретінде, «Наурыз» (12 ел), «Құс салу» (18 ел) және «Түрік пәтір наны» (5 ел). Соңғы үшеуі 2016 жылы енгізілді.
«ЮНЕСКО-ның халықаралық тізіміне қазақ өтінімдерін енгізу еліміздің материалдық емес мәдени мұрасын халықаралық дәрежеде таныту және оны қорғау үшін жүйелі іс-шараларды жүзеге асыруға оң септігін тигізеді», делінген хабарламада.
Алдағы жылдары Қазақстан ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра репрезентативті тізіміне «қазақтың жылқышыларының  дәстүрлі көктемгі салты» ұлттық және «Қорқыт-Ата мұрасы» (Түркия, Әзербайжан, Қырғызстанмен бірлескен) көпұлтты өтінімдерді енгізуді жоспарлап отыр.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓