“Ашық аспан аясында…”

Жанетта Наурузованың туындылары бұдан бұрындары да көрермен назарына ұсынылған болатын. Қостанай қаласы суретшіге ұнап, көңілін серпілтті. Оған қаланың тарихи ескерткіштері, жаңа замануи ғимараттары, ашық және кең көшелері әсер етсе керек. Қаланың әдемілігінен шабыт алған автор "Ашық аспан аясында…" тақырыбын қозғауды жөн көріпті.
Суретші өз жұмыстарында көшелерді, үйлер мен бақтарды бейнелеп, сол арқылы өзінің қалаға деген ішкі сезімін жеткізеді. Вернисажда автордың өзіндік қайталанбас қолтаңбасы бар басқа да жаңа жұмыстар қойылған. Суретшінің жеке көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.
Айтолқын
АЙҚАДАМОВА