Сән-салтанатты қаласаңыз…

"Жастар" бульварында орналасқан сәулетті ғимарат алыстан-ақ көз тартады. Сұлулығымен көз тартқан салтанат сарайы әзірге әрбір жұпқа қолжетімді емес сыңайлы. Бұлай дейтініміз, неке сарайының екі залы бар. Бірі – ақысыз, екіншісі – ақылы. Екеуінің айырмасын ішіңіз сезіп отырған шығар. Жекенің меншігіне өткен жақтың сән-салтанаты ерекше. Ілтипат-қа бөленгіңіз келсе, жүз мың теңгеңізді шығарыңыз. Бұған жастар жағы әртүрлі қарайды. Бірі "берсем-дағы қолымдағы соңғымды, балам сенің жасай алам тойыңды" дейтін ата-ананың жомарттығына сенсе, енді бірі шаңырақ көтеріп жатқан жас жұбай үшін тым қымбат деп ойлайды. Онсыз да той жасаудың қып-қызыл шығын екенін білетін оқырман бұған не дер екен? Пікір білдіріңіз . . .