Мамырдағы мерекелер жоспары

Мамыр айында қазақстандықтар 13 күн демалып, бірнеше айтулы даталарды тойлайтын болады. Республикалық  жоспар өткен жылы бекітілген еді. Қазір соның негізінде  мерекелік іс-шараларға дайындық қызу жүріп жатыр. Бүгін облыс әкімдігінде өткен аппарат жиналысында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Ерлан Жаулыбаев дайындық барысы мен жоспарды баяндады.821
1 мамыр күні сити-орталығында қала тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылмақ. Ал «Қазпошта» маңында жұртшылық кілемдердің сахналаған көрінісін көре алады.  Түрлі мүсіндерден Қостанай облысының достық бұрқағы жасалмақ. Орталық әмбебап дүкені алаңында «Халықтар достығы балалар көзімен» және Қазақстан халықтарының ұлт аспаптарының көрмесі орналаспақ.DSC_0070
7 мамырда, Отан қорғаушылар күніне орай оркестрлер шеруі өтеді. Оған қазақ халық аспаптары  және орыс халық аспаптары оркестрлері мен камерлік оркестр, муниципалды үрлемелі аспаптар оркестрі  және тағы басқа да өнер ұжымдары қатысатын болады.
8 мамыр күні орталық саябақта поэзиялық фестивалі өтеді. Ал сол күні кешке «Әскери вальс» атты концерттік бағдарлама қостанайлықтар назарына ұсынылады.1335857315_00_0059_2012-05-01_110838.avi_snapshot_00.01_2012.05.01_13.11.12
Ұлы Жеңістің   70 жылдығы күнінде, 9 мамырда мерекелік бағдарлама облыстық әкімдік алаңындағы салтанатты марштан басталады. Одан кейін сахналанған көріністер, Жеңіс саябағында гүл шорқтарын қоюмен жалғасын таппақ.
Кешкісін Жеңіс саябағында «Жеңіс саябағы хабарлайды» ашық трибунасынан кейін от шашуы мерекенің сәнін келтірмек. Ал Тобыл өзінің жағасында «Бәрі есімізде. Қадір тұтамыз. Мақтанамыз» ұрпақтардың шығармашылық үндесуі өтпек.
Облыс әкімі Нұралы  Садуақасов мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру кезінде соғыс ардагерлерінің жүріп-тұруына ыңғайлықтар жасалуына баса назар аударуды тапсырды. Әкімдік алаңынан Жеңіс саябағына жаяу жету қарт кісілерге қиындық туғызбауы тиіс. Сондықтан Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бұл күнді қалай атап өткізуді қалайтынын білген жөн. Олардың пікірлері мен ниеттерін ескеріңіздер деп тапсырды аймақ басшысы.
Жиналыс соңында Нұралы Саудақасов қаланың ардагерлеріне «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы» мерекелік медальдарын табыс етті. Мағауия Жүнісов, Қажи Маманов, Әбілжан Нұрмағанбетов, Татьяна Вечеркина және Михаил Подоляков осындай құрметке ие болды. Жалпы облыс бойынша 11270 адам осындай медальдармен марапатталмақ. 
Махаббат Бекбай
 
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓