Омартаға кетіп, оралмаған…

Қостанай облысының Жітіқара ауданында хабар-ошарсыз кеткен ер адамға іздеу салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«19 маусым күні 14:20-дан бастап Жітіқара ауданының Чайковский кентінде Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы 1957 жылы туған ер адамды іздеп жатыр», – деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Белгілі болғанындай, ер адам 14 маусым күні омарталарын тексеруге кетіп, қайта оралмаған. Әзірге іздеу шаралары нәтиже берген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓