Ардақты мейрам аясында (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Бүгін ҚР Конституциясы күні! Ел болып думандатып жатқан осы ұлық мерекені Қостанай жұртшылығы да өз деңгейінде атап өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары орталыққа жиналып, "Ата Заңым – асыл Заңым!" атты концерттік бағдарламаны тамашалады. Мейрамның сәнін өңір өнерпаздары келтірді деуге болады. Әсем ән әуелеп, күй күмбірлеп, көркем би көңілдің қошын кіргізгендей. Жұртшылықтың жүзі жадыраңқы: әуенге қосылып, ырғаққа ілесе ырғалып, жанарлары нұрланып, бір-бірін мерекемен құттықтасып жүр. IMG_0884
 
IMG_0850
IMG_0886
IMG_0942
IMG_0900Концерттік бағдарламаны "Қарбыз бен қауын" мейрамы жалғастырды. Бұл шара Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында ұйымдастырылған. Бақшаның аталмыш дақылдарынан жасалған қолөнер көрмесі көздің жауын алады. Бұл көрмеге Қостанайдағы 11 балабақша ұжымы қатысып отыр. Олар өзара сайысқа түсті. Төрешілерге үздігін таңдау оңайға соқпайтындай. Көркемдігі бірінен бірі асады. IMG_0896
IMG_0866
IMG_0878
IMG_0872"Ең бастысы жеңіс емес, қатардан қалмай, ұжым болып атсалысып жатырмыз. Біздің ерекшелігіміз – кейбірі секілді фигураларды арнайы шеберлерге жасатпай, қолымыздан келгенше өзіміз әзірледік. Бұл сайыс, негізінде, ұжымдардың ұйымшылдығын, ауызбірлігін көрсетеді деп ойлаймын" , – дейді №13 балабақшаның тәрбиешісі Әсел Қозбақова. Сонымен, сайыс қорытындысында №5 ясли-бақша ұжымы 1-орынды жеңіп алды. Қатысушылардың ешқайсысы сый-сияпатсыз қалған жоқ. IMG_0920
IMG_0987
IMG_1014
IMG_0996
IMG_1004Шара көңілді ән-күймен әрленіп, қызықты ойын-сауықпен жалғасын тапты. Мәселен, қарбыз жеуден жарыс ұйымдастырылып, көрермендер мәз-мәйрам болды. Сайыс жеңімпаздары үйлеріне бір-бір қарбызбен қайтты.IMG_0945
 
IMG_0937
IMG_0951
IMG_0907
IMG_1079
IMG_1058
IMG_1074
IMG_1082
IMG_1087
IMG_1092
IMG_1104
IMG_1113
IMG_1030
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓