Төрт адам ыстан уланды
Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратты. Оқиға Науырзым ауданында болған.
«Қараменді ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде жылыту пешін дұрыс пайдаланбау салдарынан 4 адам көмірдің ысына уланып қалды»,- делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Уланған үш зейнеткер мен 4 айлық сәби аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ, зардап шеккендерге тиісті медициналық көмек көрсетілді.