АРМАНЫ – АРАНДАТУ

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымы хабарламалары мен бейнероликтерін әлеуметтік желілерде арандату мақсатында таратып жатқандығы белгілі болды. Бұл туралы еліміздің Бас прокуратурасы арнайы баспасөз мәслихатында мәлім етті.Kiev, Ukraine - May 20, 2013 - Hand pointing on keyboard with social media logotype collection of well-known social network brand's placed on keyboard buttons. Include Facebook, YouTube, Twitter, Google Plus, Instagram and more other logos.Онда Әбілязов пен оның сыбайластары Қазақстан азаматтарын биылғы жылдың 23 маусымында митингтерге шығуға шақырады. Осы бағыттағы бейнероликтерді түсіру үшін Әбілязовтың Киевтегі жарнамалық агенттікті жалдағаны, ал олардың түсірілімге бет-әлпеті қазаққа келетін актерлерді шақырғаны анықтаған. Мәселен, үстіміздегі жылдың 12 маусымында «Ютубта» «Мұғалімдер Әбілязовтың митингісіне шығады» деген бейнероликте «қазақстандық жас мұғалім» рөлін Киев қаласында таңдалған актриса ойнаған.
Ал Шотландияның ең қымбат университеттерінің бірінде оқитын Әбілязовтың жиені – Айдар Амангельдиев Қазақстанның кедей жұмыскерін сомдапты. Бас прокуратураның мәліметінше, «жапа шеккендер» есебінде көрсетілгендер шын мәнінде Қазақстанның азаматтары емес, ал роликтердің өзі қазақстандық қоғамда әлеуметтік алауыздық пен араздықты тудыруға бағытталған.
«ДВК-ның» идеялары мен митингтерді үгіттеу үшін Әбілязовқа шетелде белгілі заңгер есебінде танымал Бота Джардемали, Жанар Ахметова (Жанна Бота) белсенді көмектесуде. Аты аталған тұлғалар қазақстандық сот төрелігінен әртүрлі ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін шет елдерде жасырынып жүр, олардың іс жүзіндегі мақсаты – қылмыстық қудалауды саясаттандырып, көзделген жауаптылықтан жалтару. Қадағалаушы органның хабарлауынша, митингтерге қатысуға шақыру үгіттеулер «Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңның ережелерін тікелей бұзады.
Ашық акцияларды өткізу үшін оны өткізуді белгілеген мерзімнен 10 күн бұрын тиісті арыз бере отырып, жергілікті атқарушы органның рұқсатын алу қажет. Осыған байланысты, прокурорлар митингтер заңсыз болып табылатынын, оларды ұйымдастыру мен оған қатысқаны үшін әкімшілік жауаптылық, оның ішінде 15 тәулікке қамауға алу көзделгенін естеріңізге салады.
Бас прокуратура Қазақстан халқын экстремистік ұйымның және оның сыбайластарының араңдатушылықтарына ермеуге шақырады.
 
Жұматай Кәкімжанов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓