ҰҚК қызметкері пара алған

Қостанай қалалық №2 сотының үкімімен Бақыт Үсенов бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Б.Үсенов ҚР Қылмыстық кодексінің екі бірдей бабымен: 190-бабының («Алаяқтық») 1-бөлігі және 367-бабының («Пара беру») 2-бөлігі бойынша айыпталды. Үсенов бір жыл мерзімге бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейді.
2018 жылдың қаңтар айында Үсенов ҰҚК департаментіне жұмысқа орналасқысы келген Қостанай тұрғыны Зият Әбусағитовты 420 000 теңге мөлшерінде пара беруге көндірмек болған.
Кінәсі анықталған Б. Үсенов үкім оқылғаннан кейін сот залында қамауға алынды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓