Жұмыс барысында қаза тапты

Қостанай облысы Аманкелді ауданында жол жөндеу барысында арнайы техника жұмысшыны басып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 20170710190308Облыстық ІІД түсінік бергендей, 6 шілде күні Арқалық-Аманкелді бағытындағы тас жолда жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында 46 жастағы ер адам қаза тапты. Бұл фактіге сәйкес Аманкелді АІІБ полицейлері ҚР ҚК 277-бабы 2 тармағы «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.
47 жастағы арнайы автотехниканың жүргізушісі ер адамды басып кетіп, соның салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмған. Сараптама тағайындалды.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓