Тарандағы қайырымдылық шарасы
Таяуда Таран ауданыңда қасиетті Рамазан айының құрметіне орай үлкен қайырымдылық шаралар ұйымдастырылды.
Осында стол теннисінен, тир, дойбыдан спорттық ойындар өткізілді. Оған өңірден бірқатар азаматтар қатысып, өздерінің бақтарын сынады.Аталмыш шараға ауданның әкімі Қуандық Хайдарұлы және Лисаков қаласының бас имамы Сабыржан Зейнелғабидинұлы қатысып, барша жұртшылыққа жарыста сәттілік тіледі.
Сөздің реті келгенде осы спорт түрлерінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында да жарыстар ұйымдастырылды.
Сонымен шара өз деңгейінде өткендіктен барлық қатысушылар өздеріне қолдау көрсеткен кісілерге шын жүректен шыққан шынайы лебіздерін білдірді.