Өнерлі жастар бақсынасты

Қостанайда «Жеңістің жолдарымен» атты халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің іріктеу кезеңі өтті. Ауқымды шараға облыс аумағындағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. IMG_2075
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған фестивальде өнерпаздар хор, жеке орындау,  дуэт, эстрадалық вокал, көркемсөз оқу, хореография жанрлары бойынша сынға түсті. Бес жүз орынға шақталған ҚМПИ-дың залы көрерменге лық толды. Жүзге жуық шәкірт өз өнерлерін ортаға салды. Әсем әуен, тәтті күй, мың бұралған би бәрі-бәрі Жеңістің жетпіс жылдығына арналды. Копия IMG_2072
Сонау 1941 жылы үлкен-кіші Жеңіс үшін тер төгіп, қан майданда жан алысып-жан берісті. Арада жетпіс жыл өткенде бейбіт елдің ұрпағы батыр бабаларының ерлігін мақтана айтуда.IMG_2046
– Өр рухты майдангерлеріміз баға жетпес бейбітшілікті сыйлады. Сондықтан ержүрек ерлер ұрпақ санасында мәңгі сақталуы тиіс. Ұлы Жеңіс – өткен тарихымыздың өшпес бір бөлігі,-деді  педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚМПИ жанындағы әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі басқарманың басшысы Салтанат Жақаева.
«Жеңістің жолдарымен» халықаралық фестивалінің іріктеу кезеңі 13-26 сәуір аралығында республиканың барлық аймақтарында өтуде. Арнайы бекітілген қазылар алқасы үздік өнерпаздарды таңдайды. Көптің көңілінен шыққан шығармашыл жастар 29 сәуірде Астана қаласында болатын гала-концертке жолдама алады. Қорытынды фестивальге ТМД елдерінің өнерлі жастары қатыспақ. 
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓