Антон Шиндер клубтан кетті
31 жастағы шабуылшы Антон Шиндер қостанайлық командамен қоштасты. Украиналық легионер екіжақты келісім бойынша клубпен арадағы еңбек қатынасын үзді. Команданың директоры Николай Панин айтқандай, Антон Шиндер отбасы жағдайларына байланысты Қостанайдан кетіп отыр. Жалпы, шабуылшы "Тобыл" сапында 7 матчқа қатысып, 3 гол соққан. "Тобыл" ФК футболшының кәсіби мансабына сәттілік тілеп, атқарған жұмысы үшін алғыс айтады.
"Тобыл" ФК баспасөз қызметі