Ғажайып картоп

Денисов ауданындағы «Искра» шаруа қожалығының жетекшісі Құдайберген Бисимбаев шығарған картоптың жаңа сорты, былайғы өнімдерден  сырт қарағанда онша айырмашылығы жоқ сияқты. Бірақ, қабығын аршысаңыз оның күлгін түсті, жұмсақ екендігін байқайсыз. «Инновациялық» картоптың бұл сортында қант аз, керісінше пайдалы микроэлементтерге өте бай.IMG_9631
Әзірге Құдайберген бірнеше жыл бойы еңбектеніп, шығарған диеталық өнімнің ресми атауы жоқ. Шаруа қожалығының басшысы өзі оны көбіне «инновациялық» немесе «суперэкологиялық» деп атайды. Оның сөзінше, картоп сапасы «Қазақстанның үздік тауары» байқауында маңызды рөл атқаруы тиіс.
-Мен картоп өсірумен 1989 жылдан бері айналысамын. «Искра» шаруа қожалығы облыстағы кеңес үкіметі дәуірінен қалған жалғыз ұжым. Осы уақыттар ішінде мен тек картоп қана өсірумен шұғылданып келемін. «Синеглазка» – көп жылғы еңбегімнің жемісі. Оны ешқандай дәрі-дәрмексіз өсіруге болады.  Картопта қант мөлшері 4-5 %-тен аспайды. Сәйкесінше каратиноидтер мен антоцианаттар жеткілікті. Сондықтан, көкөністі дәрумен ретінде де қолдануға болады. Тексеру көрсеткендей, күнделікті тағамға пайдалану онкологиялық ауруларға тәуелділікті, атерсклерозды азайтады, қан айналымын жақсартады.  Ағзадағы холестеринді тоқтатуға сеп. Көру қабілетіңіз жоғарылайды,-дейді кәсіпкер.IMG_9639
Ол адам денсаулығына пайдалы өнімді мектептер мен бала-бақшаларға арзан бағамен береді. Бір келісі – 80 теңге.
 Қ.Бисимбаев 40 гектар алқапқа тұқым сіңіреді. Қарамағында алты адам жұмыс істейді.
Кәсіпкер өзі шығарған ғажайып картопты «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауарлары» байқауына қатысушылар үшін  Қостанайда өткізілген семинарға алып келді, дәм татқызды.
-Біздің облыста картоптың мұндай тұқымын ешкім өсірмейді. Тіпті, республика бойынша санаулы адам ғана бар шығар. Алдағы уақытта қатарымыз көбейіп жатса, қандай жақсы. Өйткені, мұның денсаулыққа пайдасы өте зор,-дейді шаруа қожалығының жетекшісі.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓