Торғай көрмесі тәнті етті

Л.Толстой атындағы облыстық кітапханада Жанкелдин аудандық орталық кітапханалар жүйесінің «Жаңғырған өлкем, жасампаз Торғай!» атты іс-шарасы болды.  Биыл ғылыми – әмбебап кітапхана «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде  облыс кітапханаларының күні жобасын жариялаған-тұғын. Ондағы  мақсат –өңірдегі мемлекеттік кітапханалардағы жұмыстың инновациялық түрлерін анықтау, кітапхана мен кітап оқудың рөлін арттыру.IMG_4113
 
IMG_4226Бұл жолы Жанкелдин ауданының кітапханашылары мәдени-көпшілік іс-шараға мықтап әзірлегенгені байқалады. Ашық аспан астындағы көрмеге қарт Торғайдың тарихынан сыр шертетін соны жәдігерлер қойылды. Ақшаңқан киіз үйдің маңайына топтастырылған көрмеде аштық, қуғын-сүргін жылдары, тың игеру, елдің бүгінгі даму кезеңінен мол мағұлмат беретін театрландырылған композициялық қойылымдар көрсетілді. Мерекеге жиылған көпшілік «Торғайдағы зұлмат жылдар» әдеби сұхбатын, «Жеңісті жақындатқан Торғайлықтар» библиографиялық галереясы, «Торғайдың топжарғаны – Нұрхан ақын» әдеби қонақжайы, «Әнім сенсің тың далам» әдеби көрсетілімін, «Таланты талайды тәнті еткен» кешін ерекше ықылыспен тамашалады. Танастырылым барысында облыстық мәдениет басқармасының бас маманы Роза Олжабаева сөз сөйледі.IMG_4156
 
IMG_4188-Бұл шара Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының шыққанна бір жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр.  Торғай жері небір һас таланттарға бай өңір. Бүгінгі шарада соны жан-жақты паш еткені анық көрінеді. Өздеріңіз жақсы білесіздер, биыл Жанкелдин ауданының құрылғанына 90 жыл толады. Сонымен қатар Нұрхан Ахметбековтың 125 жылдығы, Қайнекей Жармағамбетовтың 100 жылдығы, Ғафу Қайырбековтың  90 жылдығы кең көлемде аталып өтпекші. Торғайлық кітапханашылар осы айтулы даталарды да молынан қамтыған, – деді Р.Олжабаева.IMG_4155
Мерекелік іс-шара барысында әкелі-балалы композиторлар Бақытжан және Жанболат Сәуекеновтер, дүлділ әнші Отаркүл Мұқатова, жас әншілер Жасұлан Махатов, Байдос Қожасағиев Торғай әндерін әулете шырқап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.IMG_4096
 
IMG_4138-«Бойындағы бар жақсылық қасиеттері үшін мен кітапқа қарыздармын»,-деген екен бір ғұлама.Шынында да оған көз жетті. Осыдан алпыс жыл бұрын ба екен, ол кезде мен ол кезде алтыншыда оқимын. Аудандық кітапханаға барып кітап алғым келді. Әлі есімде, Зылиха деген апамыз кітапхананы аралатып, «Он бес жасар капитан» деп аталатын кітапты қолыма ұстатып, «Балам, осы кітапты оқып шық», деді. Менің кітапқа деген ұлы махаббатым содан басталған еді,-деп байырғы мәдениет қызметкері Қойшы Сәрсенкелдин сонау бір балалық шақтағы кезеңдер туралы тартымды естелік айтты. Нұрхан Ахметбековтың немересі Тойғанбол Нұрханов атасы туралы әңгімелеп берді.IMG_4196
 
IMG_4192«Жаңғырған өлкем – жасампаз Торғай!» іс-шарасы күні бойы жалғасты. Тағылымды кешке келгендер торғайлықтардың қолынан шыққан ұлттық бұйымдар, көне жәдігерлер көрмесін тамашалап, ұлттық тағамдардан дәм татты.
Шара соңында аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Дастан Әбжамалов, аудандық орталық кітапханалар жұйесінің директоры Роза Қабуәлиевалар облыс орталығының оқырмандарына аудан тұрғындарының ыстық тілегін жеткізіп, торғайлықтардың атынан алғыстарын айтты.
Әлібек ЫБЫРАЙ,
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓