Қостанай мен Минск әріптестік байланысты нығайтпақ

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев жұмыс сапарымен Минск қаласына барды. Күннің бірінші жартысында Қостанай облысының делегациясы «Жоғары технологиялар паркі» мемлекеттік мекемесіндегі жиынға қатысты. Басқосуда мекеме басшысы Александр Мартинкевич пен мекеменің халықаралық байланыс жөніндегі офисінің директоры Кирилл Залесский болды. 20180607234652«Жоғары технологиялар паркі» компаниялары мен резиденттері жасап шығарған мобильдік қосымшалар әлемнің 193 елінде пайдаланылады. Атап айтқанда, әлемге танымал World of Tanks ойыны мен Viber қосымшасы арқылы аталған мекеме экспорттан едәуір пайда тауып отыр. Жалпы, парктің 1 миллиардтан астам тұтынушысы бар. Мұндағы қосымшалар мен цифрлы бағдарламалардың 91%-дан астамы экспортқа шығады.
Жиын барысында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының Қостанай облысында жүзеге асып жатқан басым бағыттары талқыланды. Оның ішінде, беларусьтік әріптестерге SmartCity технологиясы, білім, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау салаларын цифрландыру жобалары таныстырылды.
Облыс әкімінің орынбасары Минск қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары Александр Крековпен кездесіп, ауыл шаруашылығы,туризм және білім салалары бойынша пікір алмасты. Қос тарап бірігіп инвестициялық жобаларды қолға алуды жоспарлады. Алдағы уақытта Қостанай облысының территориясында МТЗ маркалы трактор құрастырылуы мүмкін. Сондай-ақ, беларусьтік аграршылар Қостанайдан астық тасымалдауға қызығушылық танытты.
Басқосу соңында екі тарап цифрландыру бағыты бойынша әріптестікке уағдаласты. Кездесу барысында талқыланған мәселелер Қостанай облысы мен Минск қаласының «Жол картасына» енетін болады. Екіжақты келісімге сәйкес, Беларусь елінің делегациясы жұмыс бабымен Қостанай облысына келмек.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓