Өнеркәсіптік жобалар пулы құрылды
Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық саласында биыл жетістіктер аз емес. Өнеркәсіп өндірісінде өсім бар. Биыл аймақта үдемелі индустриалды- инновациялық даму бағдарламасы аясында бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Соның арқасында жұмыссыздық көрсеткіші азайған. Бұл туралы елордада Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген өңір басшысы Архимед Мұхамбетов мәлімдеді. Жиында экономикалық маңызға ие мемлекеттік бағдарламалардың орындалу қарқыны да айтылды.

«Қостанай облысында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер оң динамикаға ие. Өнеркәсіпте өсім 8,1%, құрылыста – 6%, тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша 25,5%-ға қамтамасыз етілді, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 11,0%-ға артты», – деді аймақ әкімі.
Архимед Мұхамбетов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік, салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы кеңінен тоқталды. Аймақта алда тұрған салалардың бірі – өнеркәсіп. Жыл басынан бері өнеркәсіп кәсіпорындары 1 870,2 млрд теңгенің өнімін өндірді.