Көгілдір отын ағытылады
Бұл туралы Қостанай қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Қостанай өндірістік филиалына сілтеме жасап хабарлады.
Көгілдір отын, газ құбырларына алдын алу жұмыстарын жүргізуге байланысты уақытша ағытылады. Анықтап айтқанда, 3-8 маусым аралығында облыс орталығы маңындағы Ударник ауылында, "Астықжан" сауда үйі ауданындағы тұрғын үйлерде, "Таун-Сай" коттедж кентінде, Абай дағылындағы 2-үйде (бұрынғы КЖБИ аумағы), Оңтүстік өндірістік аймақта табиғи газ болмайды.
Көгілдір отын аталған мекенжайларға, жоспарланған жұмыстардың аяқталуына сәйкес, кезең-кезеңімен берілетін болады.
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Қостанай өндірістік филиалы тұрғындардан уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.