22 жастағы жігіт суға кетті
23 маусымда Әулиекөл ауданының Новоселовка ауылында өзенге шомылуға барған 22 жасар жігіт суға кетіп қалған.
Сол күні кешкі сағат 19.40 шамасында қайғылы оқиға туралы мәлімет түскен бетте төтенше жағдайлар қызметінің мамандары да бірден оқиға орнына аттанған. Суға кеткен жігіттің денесі тек сағат 23.13 шамасында табылған.