Шұңқырға “шалынды”
Қостанай қаласындағы Таран-Баймағамбетов көшелері қиылысында LADA көлігі жолдың қақ ортасындағы шұңқырға "шалынды". Анығында, ашық жатқан құбыр люгіне алдыңғы дөңгелегі түсіп кеткен. Бұл туралы "КН" жазды.Келеңсіздікке тап болған көлікке өзге автомобиль жүргізушілері көмекке келген. Машина да, жүргізуші де жапа шеккен жоқ.
Ал "Қостанай Су" қызметкерлері аталмыш учаскеде ұқсас жағдайлардың болғанын жасырмады. Дегенмен, ақау қалпына келген. "Шамасы,-дейді олар,- люктің қақпағы дұрыс орнықпаған болуы мүмкін".