«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»
Міне, осындай атпен Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты іс-шара болып өтті.
Салтанат еліміздің Әнұранының орындалуымен басталды. Содан кейін жиынды осы оқу орнының бастығы, полиция полковнигі Мирлан Қызылов ашты. Ол өз сөзінде «Бұл күн, бүкіл қазақстандықтардың тарихи таңдау және халық бірлігі мен келісім күні. Елбасымыз бабаларымыздың тәуелсіздік туралы ғасырлар бойғы армандарын ақиқатқа айналдыруға мүмкіндік туғызады.
Ол-әлеуметтік-экономикалық, саяси қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің бірегей моделін жасаған осы заманғы аса көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткер» – деп айта келіп, профессорлық-оқытушылар құрамын, қызметкерлер мен тыңдаушыларды мерекелі күнмен құттықтады.
Жиын аясында Академияның бір топ профессорлық-оқытушылары, қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Академия бастығының бұйрықтарымен қызметтік міндеттерін адал орындап, жұмыста көрсеткен жетістіктері үшін «Құқық тәртібінің қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, «ІІО үздігі» кеуде белгісімен, құрмет грамотасымен, грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты.
Гүлназым САҒИТОВА
Суретте: іс-шарадан көрініс