Лагерьлер жұмысқа әзірленуде

Осы жылдың жазғы кезеңінде облыс территориясында қала сыртындағы 14 сауықтыру лагері жұмыс істейді деп жоспарлануда. Демек, қоғамдық денсаулық сақтау органдарының да қызметі қауырт болады. Олардың міндеті – демалыс кезінде балаларды сауықтыру әрі қауіпсіз демалыспен қамтамасыз ету.лагерь
Балдырғандардың тамақтан улану және ішек инфекцияларының таралуына жол бермеу мақсатында, санитариялық талаптарды міндетті түрде қадағалауда ұстау қажет.
Жазғы маусымның ашылуына дайындалу кезінде сауықтыру нысандарына қойылатын негізгі талаптар мынадай:
Нысандар пайдалануға берілгенге:
-территорияны кене, кеміргіштер және басқа да зиянды жәндіктермен күрес бойынша іс-шара өткізу;
-су құбыры желілерін, таза су резервуарларын шаю және заласыздандыру;
-технологиялық құрылғылардың және тоңазытқыш жабдықтарының дұрыстығын тексеру;
-жатын корпустарының жағдайын, медициналық пунктті, ас блогын, жуынатын бөлмені, душ бөлмесін, кір жуатын орынды тексеру;
-штатқа білікті кадрлар алу, арнайы киіммен қамтамасыз ету; 
-азық-түлік, бөтелкедегі су, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және жою, залалсыздандыру шараларын өткізуге, кір жуатын бөлме болмаса, киім-кешектерді жууға, өндірістік бақылау жасауға мамандандырылған зертханамен шарт жасасу; 
-қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларымен перспективалық ас мәзірін және шығарылатын өнімнің сұрыптамалы тізімін келісу;
-перспективалық ас мәзірінде бір тағам бірнеше рет қайталанбауы тиіс немесе азпаздық өнімдер бір күнде бірнеше рет берілмеуі керек, кемінде 2-3 күн кезек күтуі керек.
Балалар сауықтыру ұйымдарын пайдалану кезінде су ішу тәртібін, тағамдарды дайындау технологиясын, тамақ өнімдерінің сақталу мерзімі және сақтау шарттарын, ыдыс-аяқ жуу ережелерін, персоналдың,  балалардың жеке гигиенасын сақтау қажеттігін қаперде ұстау шарт.
Тамақ өнімдерін және өндірістік шикізатты олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжат болғанда ғана пайдалануға мән берілуі тиіс. Тамақты технологиялық карталарға сәйкес, тағамдардың картотекасын пайдаланып дайындау, дайын тағамдарға сараптама жүргізу керек. 
Балалар мен жасөспірімдерді медициналық қызметпен қамтамасыз ету, олардың уақытылы тамақтануын ұйымдастыру, барлық нысандардың,территорияның, сумен жабдықтау көздерінің санитарлық жағдайын бақылау қажет.
Балаларды осындай лагерьлерде сауықтыру – олардың жыл бойғы денсаулық кепілі.
 
А.К.Мурзалина,
ҚР ДСМ ҚДСК Қостанай облысы
қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің
балалар және білім беру объектілерін
санитариялық-гигиеналық қадағалау
            бөлімінің бас маманы.                                                                               
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓