Скейт алаңы ашылды

Рудныйда жастарға арналған жаңа демалыс орны – скейт саябағы пайдалануға берілді. Оның ашылу салтанатына «ССКӨБ» АҚ президенті Береке Мұхаметқалиев қатысып, дәстүрлі лентаны кесті.DSC_6060
«Горняк» қонақ үй кешенінің аумағында орналасқан жаңа памп-трек пен скейт саябағының жалпы ауданы 800 шаршы метр. Мұнда барлық қала тұрғындары қалауы бойынша BMX велосипедтері мен скейт тебе алады. Спорт алаңын алматылық «Sporttech Kazakhstan» компаниясы небары екі аптада орнатты.
Аттракционның негізгі бөлігі ағаштан жасалғанғандықтан жарақаттанудан сақтайды. Көп жастар үшін спорттың экстремалды түрлерімен айналысу өз болмысы танытудың бір жолы екені рас. Сондықтан олар бұл күнді ерекше ықыласпен күтті.ббЈЇ®_ ®вЄалвЁҐ бЄҐ©в-Ї аЄ  _ERG
Айта кетейік, жобаны жүзеге асыруға қала құраушы кәсіпорын 30 млн теңге қаржы бағыттады. Алаң жиналмалы болғандықтан болашақта жастардың сұранысы бойынша кез келген жерге орнатуға болады.
– Біз Рудный қаласын тартымды және заман талабына сай дамыта беруіміз керек. Скейт саябағы – жастарға қажет уақыттың бренді. Біз салауатты, жан-жақты дамыған, қуатты, ой-өрісі кең жастарға зор сенім артамыз. Дәл осындай мамандар бірлестік пен Еуразиялық Топтың болашағын қалыптастырады, – деді кәсіпорын басшысы Береке Мұхаметқалиев.ббЈЇ®_ ®вЄалвЁҐ бЄҐ©в-Ї аЄ  _ERG..
Осыдан тура бір апта бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Challenge Другой ты!» атты республикалық спорт шарасына қолдау көрсетіп, бейнеүндеу жолдаған болатын. Мақсат – еліміздің тұрғындары арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау. Сол себепті ССКӨБ-тің бұқаралық спортты дамытуға бағытталған барлық игі бастамалары да халық тарапынан жақсы баға алатындығына сенімдіміз.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓