Кәсіпкерлер көлік сыйлады

Мұсылман жамағатының асыға күтетін айлардың сұлтаны  – Рамазан айы да басталып кетті. Осы айда жақсы амалдар жасап, сауапқа кенеліп, Алла ризалығы үшін игі амалдар жасалып жатқандығы көңілге қуаныш ұялатады. Осы аптада аудан әкімі Ерлан Жаманов ауыз бекіткен жандарға арнайы ауызашар берді. Ауызашарға ауданымыздың зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар, ауыл тұрғындары мен облыстық мешіт атынан Тәжімбет Бақытбек Нұрғабылұлы қатысты. Осы күні аузашарға келген жандар тосын сыйдың куәсі болды.IMG_1462-24-05-18-04-11
Аудандағы  шаруа қожалықтарының басшылары бірігіп, аудандық мешітке су жаңа "Лада-гранта" көлігінің кілтін тарту етті. «Жақсының жақсылығын айт нұры тассын» демекші, бұл тосын сыйдың орны бөлек болатын. Аудан әкімінің бастауымен, көпшіліктің қолдауымен аудандық мешіт үшін жасалатын игі істер мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілетін болады. Мешіттің хатиб имамы Баишев Болатжан Ғалымжанұлы өз атынан және мешіт ұжымы атынан өзінің ризашығын білдіріп, сауапты айда жасалған амалдар көп болсын деген тілек білдірді. IMG_1463-24-05-18-04-11
 
Дамира Қожахметова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓