Қасиетті ай құрметіне…
Қарабалық ауданындағы Ғашура ана мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне «Қош келдің, Рамазан!» атты аудан жасөспірімдерінің басын қосқан шағын футболдан жарыс өтті.
Жарысты аталмыш мешіттің бас имамы Серік Рахым құттықтау сөзбен ашып, салауатты өмір салты қоғамымызда ерекше орын алатындығын тілге тиек етті.Жалпы, Ислам дінінде де спорттың адам баласына әсерінің мол екендігі айтылады. Сол себептен де қазіргі таңда өңіріміздегі барлық мешіттерде жылда спорттың бірнеше түрінен сайыстар өткізу дәстүрге айналды. Сол себептен де бас имам футболдан ұйымдастырылған сайысқа қатысушыларға тек сәттілік тіледі.
Ойын өте қызықты да тартысты өтті. Онда жүлделі бірінші орынды №1 Қарабалық орта мектебінің, екінші орынды №3 Қарабалық орта мектебінің, үшінші орынды «Наука» орта мектебінің командалары жеңіп алды.
Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен арнайы кубоктар және ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі