Ел үздігін анықтау үшін
Қостанай қаласында шахматтан Қазақстан Кубогына іріктеу жарысы басталды. Жарыс алдағы бір апта бойы қала орталығындағы шахмат клубында өтеді. ҚР Кубогының іріктеу кезеңі Қызылорда қаласында басталды.

Айта кетейік, тақта турниріне әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері қатысып жатыр. Қазақстан Кубогының жеңімпаздары ел намысын қорғау үшін әлем чемпионатына барады.
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ,
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков.