Өмір бойына бас еркінен айырылды
Қостанай облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қызын өлтірді деп айыпталған Сергей Клепиковқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сот 15 жасар қызының өліміне күдікті Сергей Клепиков әрекетін қайталауы мүмкін деп таныды.
«Сот Клепиков Сергейді ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі бойынша айыпты деп танып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Қылмыскер жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейді», – деп, судья үкім шығарды.
Еске сала кетейік, 18 наурызда Қостанайдағы №11 орта мектептің 15 жасар оқушысының өлімі туралы хабар тараған. Кейін оқушы қыздың өліміне әкесі кінәлі деп танылып, оны полиция қызметкерлері ұстады. Жақында оқиғаны өздігінше баяндаған куәгерлер мен іс бойынша зардап шегушіден жауап алынды.
Қаза болған қыздың әкесі кінәсін мойындағанмен, өлтіру себебін түсіндіре алмады.