Тобыл төсінде – төл спорт

Заречный ауылындағы «Арғымақ» ипподромында 2018 жылғы ат спорты маусымы ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне жергілікті атқарушы билік өкілдері, ардагер спортшылар қатысты. Әуелі, жиылған жұртқа әуесқой спортшылар «Қыз қуу», "Аударыспақ" ойындарын көрсетті.DSC_9509
 
DSC_9553Бәйге десе, делебесі қозбайтын қазақ бар ма?! Бәйгеге республиканың түкпір-түкпірінен және Ресейден барлығы 88 тұлпар әкелінді. Әуелі, 3 шақырымдық тай жарысының жеңімпаздары анықталды. Бірінші орынды алматылық Бақыт Сәдуақасов есімді шабандоз иеленді. Оған 300 мың теңгенің сертификаты тапсырылды.DSC_9462
 
DSC_9657Келесі кезекте – 9 шақырымдық тоқ бәйге. Тоққа түскен топ ішінен 13 жасар Ақжол Жұматайға тең келер ешкім болмады. Оған «Peugeot» көлігі сыйға тартылды.DSC_9501
 
DSC_9453
DSC_9740Ақжол Жұматайдың аты аламан бәйгеде де озды. Аламан бәйге 21 шақырымға шақталды. Жеңімпаз бұл жолы да «Peugeot» көлігінің кілтін алды. Айта кетейік, бұл көліктер «АгромашХолдинг» АҚ демеушілігімен сатып алынды. Екінші тұғырға Бақыт Сәдуақасов жайғасты. Үздік үштікті Ербол Замудин есімді шабандоз қорытындылады. Жеңімпаздарды Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов марапаттады.DSC_9621
– Сегіз жасымнан бастап бәйгелерге қатысамын. Ат баптауды ағам үйретті. Өзім Қордайда туғанмын. Бәйгелерде Алматы облысының атынан шығамын. Осы уақытқа дейін 55 автокөлік ұттым, – деді аламан бәйгенің жеңімпазы.
Мұнан соң бөктергісі мен білегі мықты жігіттердің бәсекесі – көкпарға кезек келді. Финалда Таран ауданының спортшылары Қостанай облыстық ІІД құрамасын ұтты.   Үшінші орын Қостанай ауданының көкпаршыларына бұйырды.DSC_9663
 
DSC_9815Аударыспақ екі салмақ дәрежесінде ұйымдастырылды. 80 келіге дейінгі білектілердің арасынан Бақтияр Ертасов, Дархан Садыман, Бақдаулет Асановтар өзара жүлде бөлісті. Ал ауыр салмақта Серік Ахметов жеңімпаз болды. Сондай-ақ, жүлдегерлер қатарында Еркебай Жақыпов пен Алдияр Байтасовтар сынды аударыспақшылар бар.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓