Жауынгерлік әзірлік тексерілуде

Қостанайдағы 6697 әскери бөліміне инспекторлық тексеру жүріп жатыр. жауынгерҮш жылда бір өтетін бұл шараның мақсаты – жеке құрамның жауынгерлік әзірлігін, тәртібін, моральдық-психологиялық жағдайын бағалау. Қару-жарақпен, техникамен қамтылу жағы да назардан тыс қалмайды. Орталық қолбасшылықтан келген мамандар саппен жүруден бастап, Қостанайдағы бөлімнің барлық әскери мүмкіндіктерін сүзгіден өткізу үстінде. Бұл – бөлім еліміздің солтүстік шебіндегі ірі әскери құрылымдардың бірі. Өңірде оқыс оқиға болса алғаш дұшпанға тойтарыс беретін осы бөлімнің жауынгерлері. Сондай-ақ Жітіқара қаласындағы арнайы ротаның да дайындығы тексерілетін болады. Тексеріс қорытындысы күні белгілі болады. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓